Құрметті жерлестер!!!

Құрметті жерлестер!!!

Бүгін халқымыз саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алып, олардың ардақты есімдерін аза тұтатын күн. Қасіретті кезеңді бастан өткеріп, қаншама жазықсыз жапа шеккені, мыңдаған тағдырлар тапталғаны ащы шындық. Олардың рухтарына құрмет көрсетуді әр уақытта естен шығарған емеспіз.
Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия туралы» Жарлығы аясында облыста саяси қуғын-сүргін құрбандарын оңалту мәселелері жөніндегі өңірлік комиссия құрылғаны белгілі. Тек 2023 жылдың 1 тоқсанының қорытындысы бойынша жұмыс тобының сарапшылары 107 қорды зерделеп, 2466 істі қарады.
Жас ұрпақ халқымыздың басына түскен зұлмат жылдары мен Алаш арыстарының ардақты есімдерін білуі міндетті. Бұл – біздің ортақ тарихымыз. Бұл - тарихтан тағылым алып, биік мақсат – толеранттылық пен бейбіт өмірге бет алған ұлы халықтың ұлағатты ісі.