Цифрлық құжаттар сервисі тағы бір қажетті құжатпен толықтырылды

Цифрлық құжаттар сервисі тағы бір қажетті құжатпен толықтырылды

Азаматтардың құжаттарын (жеке куәлік, паспорт, жүргізуші куәлігі және т. б.), оның отбасын (неке туралы куәлік, балалардың туу туралы куәлігі) қамтитын, бәріне ұнайтын цифрлық құжаттар сервисінде тағы бір құжат (басқа құжаттар бөілімінде) пайда болды. Енді әрбір азаматқа көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру полисі қолжетімді. 

Жеке куәліктерді, дипломдарды, жүргізуші куәліктерін және басқа да құжаттарды, оның ішінде сақтандыру полисін ұсыну жөніндегі құралдарды іске асыру және енгізу "Электрондық үкіметтің" қалыптасқан инфрақұрылымымен цифрлық мобильді шешімдерді белсенді енгізуді ескере отырып, өз құжаттарының қағаз түпнұсқаларының болуын, ұсынылуын және сақталуын талап ету бөлігінде азаматтардың күнделікті мәселелерін шешу қажеттілігіне байланысты.

Бұл сервис ҚР Цифрлық даму министрлігі, ҚР Ұлттық банкі, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ және «Мемлекеттік кредиттік бюро» АҚ  үйлесімді жұмысының арқасында  іске асты.

Сақтандыру полисі – көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандырудың міндетті түрі бойынша сақтандырушы мен сақтанушы арасындағы шарттық қатынастардың дерегін растайтын құжат.

Бұл цифрлық құжат азаматтарға өз құжатын мобильді қосымша арқылы электрондық форматта көруге, сондай-ақ оның дұрыстығын тексеруге мүмкіндік береді.

Сақтандыру полисінің болуы немесе болмауы туралы ақпарат міндетті сақтандыру туралы Заңның талаптарын, атап айтқанда, көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін орындау үшін, сондай-ақ азаматты сақтандыру шартының аяқталу мерзімін бақылау және өзге де мақсаттар үшін пайдалану үшін қажет.

 

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/mdai/press/news/details/522273?lang=kk