ШҚО-да көшкін қаупі сақталуда

ШҚО-да көшкін қаупі сақталуда

Көшкін қаупі бар учаскелер аймағына кіретін "Өскемен-Тарғын" автожолы учаскесінде "Қазселденқорғау" ШҚ филиалының мамандары мен ШҚО ТЖД құтқарушылары көшкіндерді профилактикалық түсіруді жүргізді.

2 жарылыс нәтижесінде 3000 текше метр қар түсті.

"Қар көшкінін болжау әдістері қар-метеорологиялық сипаттамалардың ағымдағы және болжамды мәндерін сыни мәндермен салыстыруға негізделген. Облыста көшкін қаупі туралы дауыл туралы ескерту жарияланған. Уақытылы әрекет ету үшін біз алдын алу шараларын ұйымдастырдық және қауіпті қар массаларын түсірдік. Жалпы өыстың басынан бері 64 жару жұмыстары жүргізіліп, 256110 текше метр қар түсірілді", - деп атап өтті "Қазселденқорғау"ШҚ филиалының басшысы Омар Дүзгімбаев.

"ШҚО ТЖД халыққа өңірде көшкін қаупі сақталатынын еске салады. Тәуекелге бармаңыз және таулы жерлерге бармаңыз, көшкін қаупі бар учаскелерден өтіп бара жатқанда абай болыңыз. Ауа-райы жағдайлары туралы Сіз "Дармен" мобильді қосымшасынан біле аласыз. Төтенше жағдай кезінде 112 нөмірі бойынша хабарлаңыз", - деп атап өтті ШҚО ТЖД бастығының орынбасары Арман Тоқанов.

ШҚО ТЖД баспасөз қызметі