Құрметті жерлестер!!!

Құрметті жерлестер!!!

Бұл күндері Өскеменде әйелдер командалары арасында волейболдан Қазақстан чемпионаты өтуде. Біздің шығысқазақстандық "Алтай" клубы барлық жарыс күндері қарсыластарын сөзсіз жеңіп келеді. Командалардың арасында, атап айтқанда, өткен жылы Азия клубтық чемпионатында жеңіске жеткен СҚО-дан келген "Қуаныш" сияқты өте мықты клубтар бар. Бірақ биылғы жылы біздің волейболшылар реванш алып, "Қуанышты" 3:0 есебімен жеңді. "Алтай" басқа қарсыластарымен де тамаша ойын өткізді. Жалпы, Шығыс Қазақстанда волейболдың дамуы жоғары деңгейге жетті, біздің спортшылар әлемдік деңгейдегі түрлі жарыстарда бірнеше рет тұғырдан орын алды. Олардың жеңістері балалар мен жастарды шабыттандыратыны сөзсіз.