Шетелдік автокөліктерді заңдастыруға арналған сервис eGov.kz порталы мен eGov Mobile мобильді қосымшасында қолжетімді

Шетелдік автокөліктерді заңдастыруға арналған сервис eGov.kz порталы мен eGov Mobile мобильді қосымшасында қолжетімді

Жаңа сервис шетелдік нөмірлік белгілері бар көлік құралын заңдастыруға рұқсат алуға мүмкіндік береді. Электрондық үкімет порталында және eGov Mobile мобильді қосымшасында аталмыш сервис жеке тұлғалар үшін 2023 жылдың 23 қаңтарынан бастап 1 шілдеге дейін қолжетімді болады.

ҚР Үкіметінің 2023 жылғы 11 қаңтардағы №13 қаулысына сәйкес, қазақстандықтар Қазақстан Республикасына 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін әкелінген автокөліктерді eGov.kz порталының «Автокөлікті заңдастыру үшін тексеру» атты жаңа сервисі арқылы заңдастыра алады. Жаңа сервис тек электрондық өтініш беруге арналған. Өтініш бойынша B (жеңіл автомобильдер) және D1 (микроавтобустар) санатындағы көлік құралдарының мынадай талаптарға сәйкестігін тексеру жүзеге асырылады:

  • көлік құралын 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін әкелу;
  • көлік құралына қылмыстық белгілердің болмауы;
  • кедендік тазартудың болуы.

Жаңа сервисті Электрондық үкімет порталының басты бетіндегі «Сервистер» бөлімінен және «Көлік және коммуникациялар» - «Автомобиль көлігі» бөлімінен табуға болады. Сонымен қатар, осы сервис eGov Mobile мобильді қосымшасының «Жүргізу және көлік» бөлімінде қолжетімді.

EGov.kz порталында электрондық өтініш беру үшін көлік иесі мына талаптарды орындау керек:

  • тұрғылықты жері бойынша тұрақты тіркелу;
  • Қазақстан Республикасы азаматтығының болуы;
  • мобильді азаматтар базасында (МАБ) тіркеудің болуы;
  • автокөліктің және көлік құралының бұрынғы иесі туралы барлық қажетті мәліметтерді толтыру;
  • тексеруге сұрау жіберу;
  • көлік құралын тексеруден өткізу үшін Арнайы ХҚКО-ға электрондық кезекті брондау.

Қызмет көрсету нәтижесі eGov.kz пайдаланушыcының жеке кабинетіне 15 минут ішінде Хабарлама ретінде жіберіледі немесе бас тарту туралы дәлелді жауап ретінде келеді. 

Хабарламаны алғаннан кейін автомобиль иесіне автокөлікті тексеру, көлік құралын тіркеуден өткізу, 200 мың теңге мөлшерінде тіркеу алымын төлеу, мемлекеттік нөмір мен көлік құралының куәлігін алу үшін Арнайы ХҚКО жанындағы тексеру пункттеріне көлік құралын ұсыну қажет.

Жаңа сервис «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік қызметтер Комитеті мен ҚР Ішкі істер министрлігінің бірлескен жұмысының арқасында іске асырылды.

«ҰЛТТЫҚ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР» АҚ