Ағымдағы жылдың 25-ші қаңтар күні Өскемен-1 станциясында Желілік полиция бөлімінің қызметкерлері ШҚО ҰҚК

Ағымдағы жылдың 25-ші қаңтар күні Өскемен-1 станциясында Желілік полиция бөлімінің қызметкерлері ШҚО ҰҚК

Ағымдағы жылдың 25-ші қаңтар күні Өскемен-1 станциясында Желілік полиция бөлімінің қызметкерлері ШҚО ҰҚК және ШҚО ТҚК қызметкерлерін тарта отырып, көлік инфрақұрылымының объектілері басшылығымен жұмыстық кездесу өткізді.

Аталған іс-шараның мақсаты - террористік тұрғыдан осал объектілерді терроризмге қарсы қорғау саласындағы Қазақстан Республикасының заңңамасын түсіндіру:

- 1999 жылғы 13-ші шілдесіндегі №416 «Терроризмге қарсы іс-қимыл  туралы» ҚР-ның Заны;

- 2020 жылғы 13-ші мамырдағы №325 «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру және Терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толқтырулар енгізу туралы» ҚР Заңы;

- 2013 жылғы шілдесіндегі №1217 «Терроризтік тұрғыдан осал объектілерді терроризмге қарсы қорғалуының үлгілік паспортын бекіту туралы» ҚР-ның Үкіметінің қаулысы;

- 2021 жылғы 6-шы мамырдағы №305 «Террористік тұрғыдан осал объектілерді терроризмге қарсы қорғауды ұйымдастыруға қойылатын талаптарды бекіту туралы» ҚР-ның Үкіметінің қаулысы.

Сондай-ақ басшыларға терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы заңнаманың өзгерістерін ескере отырып, терроризмге қарсы қорғалуын қамтамасыз ету бойынша террористік тұрғыдан осал объектілердің басшылары мен қызметкері үшін әдістемелік ұсынымдар және терроризм актісін жасау қаупі төнген кездегі практикалық қолдану үшін әдістемелік ұсынымдар таратылды.