ШҚО - да қыс мезгілінің басынан 244 060 текше метр қар түсірілді

ШҚО - да қыс мезгілінің басынан 244 060 текше метр қар түсірілді

"Қазселденқорғау" ШҚ филиалының мамандары "Өскемен-Алтай" автожолында (58-66 км.) көшкіндердің профилактикалық түсуін жүргізді. 2 жарылыс нәтижесінде 3900 текше метр қар түсті, қыс кезеңінің басынан бастап өңірде -244 060 текше метр қар түсірілді.

"Біздің бақылаушылар көшкін қаупі туралы болжамдар негізінде жарылғыш заттардың көмегімен уақтылы профилактикалық түсулер жүргізуде. Бұл тиімді әдістердің бірі. ШҚО ТЖД қызметкерлері жарылғыш заттардың қауіпсіздігін, полицейлердің жұмыстарды жүргізу ауданына кіруін шектеуді қамтамасыз етеді", - деп атап өтті"Қазселденқорғау" ШҚ филиалының басшысы Омар Дүзгімбаев.

ШҚО ТЖД және ШҚ Қазселденқорғау филиалы тауға шықпас бұрын дауылды ескерту бар-жоғын анықтауды ЕСКЕРТЕДІ.  Тауларда тұрақсыз ауа температурасында, желде және қатты жауын-шашында болу қауіпті. Егер құтқарушылардың көмегі қажет болса, "112" нөміріне қоңырау шалыңыз, дауылды ескертулер туралы "Дармен"мобильді қосымшасынан біле аласыз.

ШҚО ТЖД, егер сіз қауіпті аймақта болсаңыз, қалай әрекет ету керектігін еске салады.
- қар көшкіні аймақтарында мінез-құлықтың негізгі ережелерін сақтаңыз:
-қар мен қолайсыз ауа-райында тауға шықпаңыз;
-тауларда болған кезде ауа-райының өзгеруін қадағалаңыз;
-тауға шыққанда, өз жолыңыздың немесе серуендеу аймағыңызда қар көшкіні болуы мүмкін жерді біліңіз.
 

ШҚО ТЖД баспасөз қызметі