ШҚО өрт сөндірушілері панкратионнан өткен облыстық жарыста жеңімпаз болды

ШҚО өрт сөндірушілері панкратионнан өткен облыстық жарыста жеңімпаз болды

Өскеменде түрлі күштік құрылымдар арасында 250 қатысушы арасында жеңіс үшін теке-тірес өтті.

Турнир салауатты өмір салты мен панкратионды танымал ету мақсатында өткізілді.

Панкратион – бұл спорттың әсерлі түрінің бірі, онда жекпе-жектің бірнеше түрі араласқан. Жауынгерлердің қауіпсіздігі үшін қорғаныш киім киіледі.

Теке-тірес күрестің нәтижесі бойынша:

9-өрт сөндіру бөлімінің жүргізушісі Ерзат Сақабанов 1 орынды,

5-өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушісі Қуаныш Қазырбеков 2-орынды қанжығаға байлады. Спортшылар осы жеткен жетістікпен тоқтап қалмай биылғы жылы Көкшетауда өтуі жоспарланған чемпионатқа қатысуды жоспарлауда.

ШҚО ТЖД баспасөз қызметі