Құрметті жерлестер!!!

Құрметті жерлестер!!!

Риддер жылу электр орталығында жұмыс жалғасуда, жағдай жеке бақылауымда. Қазіргі уақытта ЖЭО инфрақұрылымын қалпына келтіру аяқталуда. Багер сорғысы екі рет су астына батып, сорғылар апатты жағдайда болды. Қазір жағдай түзетілді, енді жабдықтардың дұрыс жұмыс істеуін қадағалау маңызды. Өкінішке орай, тек төрт қазандық жұмыс істейді - үшеуі орташа және біреуі жоғары қысыммен. Екі қазандық агрегаты жөнделуде, №4 қазандықта іске қосу-реттеу жұмыстары жүргізілуде, 25 қарашада ол толық іске қосу режиміне өтеді. № 5 қазандық толығымен тексеріліп, қажетті жабдықтармен жабдықталған және 5 желтоқсанда жылыту жүйесіне қосылады. Қажетті 75 жұмысшының станцияда апатқа дейін тек 29-ы жұмыс істегенін, қазір қызметкерлер жұмысқа қабылданып, жинақталды. Сондай-ақ, ЖЭО-да 130 адам тұрақты жұмыс істейді, олардың арасында Өскемен қаласының мамандары да бар. Барлық туындаған ақаулар тез арада жойылады. Көмір жеткізу жолға қойылған. Станция басшылығы қазандықтарды жөндеуді тек 2023 жылдың ақпанында жүргізбекші болған, бұл күрделі мәселелер туындатар еді.