Құрметті жерлестер!!!

Құрметті жерлестер!!!

Бүгін бірқатар маңызды әлеуметтік мәселелерді талқылаған кеңес өткіздім. Біріншіден, бұл көп балалы және аз қамтылған отбасылар үшін тұрғын үй құрылысын жалғастыру. Мәселен, Зайсан ауданында - 20, Күршім ауданында-14, Катонқарағай ауданында - 5 үй салынатыны анықталды. Мен әкімдерге үйдің қашан және нақты қандай отбасылар үшін салынатыны туралы жоспар құруды тапсырдым. Тапсырылатын үйлерден бас тартқан көпбалалы отбасылар бар, яғни ауылдарда пайдаланылмай түрған үйлерді сатып алып, жөндеу жұмыстарын жүргізіп, қолданысқа бере аламыз. Тағы бір маңызды мәселе - ауылдық елді мекендерді интернетпен қамтамасыз ету. 126 ауылда қолжетімділік проблемасы бар, сондықтан біз ауылдарда орнатылатын антенна-діңгек құрылыстарының типтік жобасын әзірледік. Денешынықтыру-спорт кешендерінің құрылысына тоқталатын болсақ. Тұрғындар саны үш мыңға жетпейтін ауылдарда Айыртау ауылындағыдай типтік жоба құратын боламыз. Ал үш мыңнан астам тұрғыны бар елді мекендердегі жобалар – Таврия ауылындағы спорттық нысанға ұқсас болады. 50, 100, 320, 600 және 1200 орынға арналған мектептер бойынша бізде үлгілік жобалары әзірленді және қажет болған жағдайда оларды пайдаланатын боламыз. Тағы бір маңызды мәселе - өңірдің жылу беру маусымына дайындығы. 1 қазанға дейін барлық әлеуметтік нысандар жылытуға қосылады. Тұрғын үйлерде дайындық төлқұжаттары да бар. Теміржол тұйықтарында дүрлікпе жоқ, тұрғындар көмір қорын уақытында қамтамасыз етті. Біз отын сатудың тағы екі пунктін аштық. Сондай-ақ, барлық қазандықтар маусымға дайын. Риддердегі жағдай аздап алаңдаушылық туғызды, бірақ ЖЭО басшылары станцияны жөндеу аяқталуда деп сендіреді.Әлеуметтік маңызы бар өнімдердің бағасын ұстап тұру бойынша мониторингтік топтар өз жұмысын жалғастырады, олар өз тиімділігін көрсетті. Сондай-ақ, ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерін қайта жандандыру қажет, онда халық өнімді тікелей өндірушілерден сатып ала алады.