Құрметті жерлестер, Ұлан ауданында құрылысы жүріп жатқан нысандарды аралап

Құрметті жерлестер, Ұлан ауданында құрылысы жүріп жатқан нысандарды аралап

Құрметті жерлестер, Ұлан ауданында құрылысы жүріп жатқан нысандарды аралап, жұмыс барысымен таныстым. Қараша айында Қ.Қайсенов кентінде 40 пәтерлік екі үй пайдалануға беріледі. Қазір құрылысшылар әрлеу және абаттандыру жұмыстарын жүргізуде. Аулаларда балалар кешендері , тұрақ орындары орнатылады. Кентте 320 орындық жаңа мектептің құрылысы жүргізілуде . Желтоқсан айында нысанды тапсыру жоспары бар. Өкінішке орай, құрылысшылар жұмысты созуда, сондықтан мен құрылыс басқармасына және аудан әкіміне осы маңызды нысанды тұрақты бақылауда ұстауды тапсырдым. Нысанды тапсыру мерзімін бұзбау үшін қосымша мамандарды тарту қажет. Сондай-ақ, қазірдің өзінде аудан әкімдігі үйлер мен басқа да нысандардың құрылысын ескере отырып, кенттік қазандықтың мүмкіндіктерін есептеуі тиіс. Айыртау кентінде дене шынықтыру-спорт кешенінің құрылысы аяқталуда. Жұмыстар кесте бойынша жүргізілуде. Аулада балалар және спорт алаңдары орнатылады. Бұл жоба негізге алынып, дәл осындай спорт нысандары шағын ауылдарда да салынатын болады. Таврия ауылында да дене шынықтыру-спорт кешенінің құрылысы аяқталуда. Ең бастысы, ол мектеп пен стадионның жанында орналасқан, бұл ауыл тұрғындарына спортпен шұғылдануға ғана емес, сонымен қатар мұнда спорттық іс-шаралар өткізуге мүмкіндік береді. Стадионның өзі мектеп балансында. Қазір оның жабынын жөндеуге смета дайындалуда. Алайда, мектеп әкімшілігі стадионның спорттық ғимараттарын қадағалап, оларды тиісті түрде ұстауы керек. Жалпы , мен аудан әкімдігіне жергілікті мәдениет үйін, мектеп пен аурухананы жылытатын қазандықтың қуатын арттыру бойынша жоба дайындауды тапсырдым. Қазір бұл нысандар электрмен жабдықталуда.