Құрметті жерлестер!!!

Құрметті жерлестер!!!

Облыс орталығындағы бірқатар медициналық мекемелерге барып, тұрғындарды мазалаған мәселелерді қарап шықтым. Сонымен, мамандандырылған балалар үйіндегі кір жуатын орынға арналған жабдық жаңартылып, ғимараттың төбесін мамандар тексергеннен кейін, барлық ақаулар жойылатын болады. Тұрғындардың өтініші бойынша қала күніне орай Протозанов көшесінде учаскелік дәрігерлер мен кәсіби мамандар қабылдайтын емхана ашылады. Сондай-ақ, бұрынғы жедел медициналық жәрдем ауруханасы аумағында орналасқан перзентханада болып қайттым. Пандемия белең алған тұста ол аурухана ретінде пайдаланылды, содан кейін ғимаратта күрделі жөндеу жүргізілді. Бүгінде медициналық мекеме босанған әйелдерді, соның ішінде патологиялары бар әйелдерді қабылдауға дайын.Облыстық онкологиялық орталықта біз мамандармен бірге ПЭТ-жабдықты орнату мәселесін қарастырдық (ол позитронды-эмиссиялық және компьютерлік томография мүмкіндіктерін біріктіреді және онкологиялық және басқа да ауруларды жоғары дәлдікпен диагностикалауға мүмкіндік береді). Екі ғимарат бар және осы заманауи жабдықты қай жерде орнатқан дұрыс екеніне талдау жасалатын болады. Сондай-ақ, облыстық медицина орталығында болдым, мұнда гемодиализ үшін қосымша медициналық техника сатып алуды, сондай-ақ, мұндағы бөлімшелер барлық қабылданған нормалар мен стандарттарға сәйкес келу үшін жөндеу жүргізуді қажет етеді.