Шығыс Қазақстан облысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу әдістемесі бойынша семинар өткізілді

Шығыс Қазақстан облысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу әдістемесі бойынша семинар өткізілді

2022 жылғы 9 тамызда облыстық денсаулық сақтау басқармасына қарасты квазимемлекеттік мекемелердің комплаенс-офицерлері үшін семинар өткізілді. Семинар барысында Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу әдістемесі талқыланды.

Спикер ретінде өңірдің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің превенция басқармасы басшысының орынбасары Арыстан Асқар және облыс әкімі аппаратының ТБН-4 жобалар тобының жетекшісі Елена Карпова сөз сөйледі.

Медициналық мекемелердің өкілдері тақырыпты талқылауға белсенді қатысып, туындаған сұрақтарға жауап алды.