Құрметті жерлестер!!!

Құрметті жерлестер!!!

7 тамыз Көлік қызметкерлері кәсіби мерекелерін атап өтуде. Біздің өңір- көліктің барлық түрі қатынайтын облыс ретінде танымал. Көлік саласы өнеркәсіп үшін де, ауыл шаруашылығы үшін де басты негіз болып табылады. Бүгінде білікті логистикасыз сату мен экспорттың дұрыс жүйесін құру мүмкін емес. Экономиканың дамуы, мемлекеттің қорғаныс қабілеті мен қауіпсіздігінің нығаюы көлік саласының дамуына тікелей байланысты. Айта кетейін, көлік саласы қызметкерлерінің жұмысы- адамдардың өмірі мен денсаулығы үшін үлкен жауапкершілікке толы. Кәсіби мереке қарсаңында Сіздердің қауырт жұмыстарыңызға алғыс білдіре отырып, шын жүректен зор денсаулық, бақыт және амандық тілеймін! Көлік қызметкерлері күні құтты болсын!