Құрметті жерлестер!!!

Құрметті жерлестер!!!

Осыдан бірнеше сағат бұрын Римде өткен 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы еркін күрестен әлем чемпионатында шығысқазақстандық балуан Дарын Әскербек жеңіс жалауын желбіретіп, әлем чемпионы атанды. Бұл облысымыз бен еліміз үшін тағы бір алтын медаль. Оның үстіне аталмыш спорт түрінен біздің балуан алғаш рет чемпион атанып отыр. Дарын Әскербек әлем чемпионатында 55 келіге дейінгі салмақта бақ сынасты. Жартылай финалда ол неміс Яннис Ребхольцтан мықтырақ болды. Сондай-ақ Дарын Хусанбой Усмоновты (Өзбекстан), Арена Серобянды (Армения) жеңді. Ал финалда АҚШ спортшысы Джаксен Патрик Форрестомнан ұпай санынан жеңіліп жатқанымен соңында басым түсті. Шығыс Қазақстанда жекпе-жек өнерінің тамаша мектебі қалыптасқан. Біздің спортшыларды алда әлі талай жеңістер күтіп тұрғанына сенімдімін. Жас спортшы мен оның жаттықтырушысын осынау жеңісімен және Әлем чемпионы атануымен шын жүректен құттықтаймын. Алдағы уақытта да биік шыңдарды бағындырып, жаңа жеңістерге жете беруіне тілектеспін!