Құрметті жерлестер!!!

Құрметті жерлестер!!!

Бүгін жаңа арнайы бағдарлама бойынша кеңес өткіздім. Оның негізінде біздің мектеп оқушылары қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлер, сондай-ақ аула клубтары негізінде қазақ, орыс және ағылшын тілдерін меңгеретін болады. Ол таяудағы екі жылға арналған, еркін атмосферада балалардың жасына сәйкес олардың сөйлеу дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді. Бағдарламаны құруға тек тілтанушы педагогтар ғана емес, сонымен қатар психологтар мен тәрбиешілер, волонтер-студенттер тартылады. Оқытудың әртүрлі формалары қарастырылған - бұл коммуникативтік ойындар, конкурстар, викториналар, шығармашылық шеберханалар, дебат клубтары және тағы басқалар. Осы жазғы маусымда Шығыс Қазақстанда 35 қала сыртындағы және 475 мектеп жанындағы лагерь, сондай-ақ балалардың жазғы демалысына арналған 485 өзге алаң (аула клубтары, үйірмелер мен секциялар) жұмыс істейтінін атап өткім келеді. Бағдарламаны іске асыру шілде айында басталады, ал келесі жылы ол лагерьдің барлық маусымы жұмыс істейтін болады.