Құрметті жерлестер!!!

Құрметті жерлестер!!!

Бүгін «Tarbagatay Munay» компаниясының өкілдерімен кезекті жиналыс өткіздім. Біздің соңғы кездесуімізден бастап кәсіпорын қызметіне терең талдау жүргізілді, бұған адамдардың негізді наразылығы себеп болғанын еске саламын. Компания Зайсан ауданының елді мекендерін газбен қамтамасыз етіп, Қытайдан келетін серіктестері алдында экспорттық міндеттемелері бар. Энергетика министрлігінің зерттеу сараптамасы аяқталғанға дейін ҚХР-ға газ жеткізу тоқтатылған болатын. Бүгінгі күні компания осы жылы мұнай өндіруді бастайтынын және осы әзірлемелерден қосымша газ өндіруді қамтамасыз ету мерзімін 10 жылдан 30 жылға дейін ұлғайтуға мүмкіндік беретінін мәлімдеді. Қазір Зайсан ауданы үшін қор мөлшері 325 миллион текше метрді құрайды, экспорт үшін - 70 миллион. Бұл міндеттемелерді орындау үшін ғана емес, сондай-ақ түскен қаражатты мұнай кен орнын одан әрі игеруге жұмсау үшін де жеткілікті. Зайсан ауданының тұрғындары алаңдамаса болады, біз нақты уағдаластықтарға қол жеткіздік және «Tarbagatay Munay» ашық түрде жұмыс істейтін болады. Өз тарапымнан ауданды одан әрі газдандыру бойынша барлық міндеттемелерді орындайтынымызды және ол әрі қарай жалғасатынын атап өткім келеді.