Құрметті жерлестер!!!

Құрметті жерлестер!!!

Бүгін елімізде Қазақстан полициясының күні аталып өтуде. Биыл мереке құқық қорғау органдарымыздың құрылғанына 30 жыл толу мерейтойымен тұспа-тұс келуде. Бұл азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, күн сайын ел тыныштығына кепіл болып жүрген тәртіп сақшыларының кәсіби мерекесі. Біздің полицейлер - батылдық, шыдамдылық пен қайсарлықтың жарқын үлгісін танытып, Отанымыздың, ел аумағының бүтіндігін сақтауға зор үлес қосуда. Қоғам мен мемлекеттің мүддесін қорғай отырып, қызметтік борыштарын одан әрі абыроймен атқаратынына сенімдімін.
Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, жауапты қызметтеріңізге табыс тілеймін!
Мерекелеріңіз құтты болсын!