Құрметті жерлестер!!!

Құрметті жерлестер!!!

Бүгін ауылдарда әлеуметтік-мәдени нысандар салу мәселесі жөнінде кеңес өткіздім. Аудан әкімдері мердігер ұйымдармен жұмысты жандандыруы, сондай-ақ міндетті түрде әрбір объект бойынша жұмыс және қаражатты игеру кестесін жасауы тиіс. Қазір Топқайың ауылында клуб, дәрігерлік амбулатория және Қалжыр ауылында спорт модулінің құрылысы жүріп жатыр. Сонымен қатар, Бозанбайда, Таврияда, Айыртау мен Марқакөлде дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің және Үлкен Нарын ауылында бассейн құрылысы қарқынды жүруде. Ауылдар үшін шын мәнінде маңызды осы объектілерді тапсыру мерзімі-2022 жыл. Сондықтан мен құрылыс басқармасына әр нысанға барып, құрылыстың сметаларын, жұмыс кестелерін және шарттарын тексеруді тапсырдым. Осы салада біз мерзімнен кешікпеуіміз керек және бұзушылыққа жол бермеуге тиіспіз.