Құрметті жерлестер!!!

Құрметті жерлестер!!!

Жұмыс сапарымен Предгорное ауылында болдым. Онда қуаттылығы жылына 400 мың тонна май өндіретін елдегі ең ірі біріздендірілген май экстракциялық зауыттың құрылысы аяқталуға жақын. Бұл қазақстандық және халықаралық ең заманауи технологиялар сәтті синтезделген бірегей кәсіпорын. Кәсіпорынның инвестициялық портфелі 30 миллиард теңгені құрады, шілде айында зауыт іске қосылады. Мұнда тек күнбағыс қана емес, рапс және зығыр сияқты басқа да майлы дақылдар өңделеді. Айтпақшы, зығыр Қазақстанда еш жерде өңделмейді. Зауыт аграршыларға егіс алқаптарының құрылымын майлы дақылдарды ұлғайту жағына қарай қайта қарауға мүмкіндік береді. Шикізатты тек Шығыс Қазақстаннан ғана емес, сондай-ақ елдің басқа өңірлерінен және көршілес Ресейден сатып алу туралы келіссөздер жүргізілуде. Кәсіпорынның экспорттық әлеуеті зор және бұл ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасын нақты орындау болып табылады. Зауытта 300-ге жуық жұмыс орны ашылады, жалпы бұл жоба ШҚО агросекторындағы жағдайды түбегейлі өзгертеді.