Пресс-релиз

Пресс-релиз

2022 жылғы 20 мамырда «Antikor Ortalygy» алаңында оф-лайн режимінде облыстың білім саласындағы мемлекеттік органдары мен квазимемлекеттік сектор субъектілеріне арналған комплаенс-қызметтердің жұмысын ұйымдастыру бойынша семинар-кеңес өткізілді. Семинарға облыстың шалғай аудандарының өкілдері Zoom платформасы арқылы қосылды. Іс-шараға 200-ден астам қатысушы қатысты.

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің мемлекеттік-құқықтық бөлімінің бас маманы Е.В. Карпова облыста «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» (ТБН-4) үлгілік базалық бағытының іске асырылуы туралы түсініктеме берді, оның шеңберінде комплаенс-қызметтердің жұмысын үйлестіру жүзеге асырылады.

ШҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің Превенция басқармасының бас мамандары Г.К. Байқадамова мен Ж.К. Кусаинова әдістемелік көмек көрсету мақсатында парасаттылық қағидаттарына негізделген ішкі корпоративтік мәдениетті қалыптастыру нормаларын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу мәселелерін түсіндірді.

Семинарда комплаенс-тәуекелдер және комплаенс-бақылау тақырыптарын реттейтін негізгі тетіктеріне, тоқсан сайынғы есептілікті жасау қаралды.