Білім беру ұйымдарының басшылығы/персоналымен теориялық сабақтар

Білім беру ұйымдарының басшылығы/персоналымен  теориялық сабақтар

2022 жылғы 13 – 19 мамыр күндері аралығында Шығыс Қазақстан облысында ақпараттық-түсіндіру тобының (АТТ) мүшелері тарапынан терроризмнің алдын алу бойынша 3 теориялық сабақ өткізіліп, іс-шараларға облыстағы орта білім беру және мектепке дейінгі мекемелердің 166 қызметкері қатысты.

Кездесуге қатысушылар адам көп жиналатын жерде күдікті заттар табылған кездегі іс-әрекет алгоритмі туралы ақпараттандырылып, оларға қолдан жасалған жарылғыш құрылғылардың муляждары, фото-, бейне-материалдары көрсетіледі. Сонымен қатар АТТ-ның мүшелері тарапынан терроризм актiсi туралы көрiнеу жалған хабарлама үшін жауапкершілік, терроризм актісін болғызбауға немесе жолын кесуге көмектескен ақпарат үшін сыйақы жөнінде мәлімет кездесуге қатысушылардың назарына жеткізілді.

Сабақтар танымды өткізіліп, шараға қатысқандар төтенше жағдай кезінде қажет болатын білім мен дағдылар алды. Барлық сұрақтарға толыққанды жауап берілді.