Құрметті жерлестер!!!

Құрметті жерлестер!!!

Бүгін жұмыс сапарымен Көкпекті ауданына барып, онда әкімнің 2021 жылдың қорытындысы бойынша жасаған есебін тыңдап, жұртшылықпен кездестім. Ең алдымен, 2020 жылмен салыстырғанда аудан бюджеті айтарлықтай өскенін атап өткім келеді, егер 2 жыл бұрын ол 1 миллиард 762 млн теңгені құраса, өткен жылы - 5 миллиард теңгеге жетті. Ауданда әлеуметтік бағдарламалар сәтті жүзеге асырылуда, құрылыс саласында жақсы қарқын бар. Ауданның 10 елді мекенінде "Ауыз су" бағдарламасы бойынша блокты-модульді станциялар салынғаны маңызды . Осылайша Көкпекті ауданы халқының 96% ауыз сумен қамтамасыз етілген. 4 Мәдениет үйі салынды және біз бұл жұмысты жалғастырамыз. "Ауыл ел бесігі" бағдарламасы бойынша Самар ауылында жаңа бассейн жұмыс істей бастады. Аталған спорт ғимаратының құрылысын Көкпекті ауылында да бастаймыз. Қысқа мерзім ішінде бұрынғы интернат ғимаратында құрылыс жұмыстары жүргізілді және бүгін мұнда балаларға арналған шығармашылық үйі салтанатты түрде ашылды. 53 үйірме жұмыс істейді, балет залы, балалар ТВ студиясы, тамаша кітапхана, мұражай және т.б. бар, 800-ден астам бала айналысады. Жалпы аудан агросекторда жақсы әлеуетке ие, мықты ауылшаруашылық құрылымдары бар. Алдағы уақытта да ауданның даму қарқыны жоғары көрсеткіштерге ие болатынына сенімдімін.