2022 жылғы 18 мамырда «Antikor Ortalygy» алаңында оф-лайн режимінде Өскемен қаласы әкімдігінің мемлекеттік органдарының

2022 жылғы 18 мамырда «Antikor Ortalygy» алаңында оф-лайн режимінде Өскемен қаласы әкімдігінің мемлекеттік органдарының

2022 жылғы 18 мамырда «Antikor Ortalygy» алаңында оф-лайн режимінде Өскемен қаласы әкімдігінің мемлекеттік органдарының қызметкерлері және квазимемлекеттік сектор субъектілері үшін семинар-кеңес өткізілді. Семинарға қалалар мен аудандар әкімдіктерінің жауапты қызметкерлері Zoom платформасы арқылы қосылды.

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің мемлекеттік-құқықтық бөлімінің бас маманы Е.В. Карпова облыста «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» (ТБН-4) үлгілік базалық бағытының іске асырылуы туралы түсініктеме берді, оның шеңберінде комплаенс-қызметтердің жұмысын үйлестіру жүзеге асырылады.

ШҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің Превенция басқармасының бас мамандары Г.К. Байқадамова мен Ж.К. Кусаинова әдістемелік көмек көрсету мақсатында парасаттылық қағидаттарына негізделген ішкі корпоративтік мәдениетті қалыптастыру нормаларын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу мәселелерін түсіндірді.

Семинарда комплаенс-тәуекелдер және комплаенс-бақылау тақырыптарын реттейтін негізгі тетіктеріне, тоқсан сайынғы есептілікті жасау қаралды.