Құрметті жерлестер!!!

Құрметті жерлестер!!!

Алдағы жылыту маусымына дайындық мәселесі бойынша қала және аудан әкімдерімен, басқарма басшыларымен кеңес өткіздім. Бұған дейін Өскемен қаласының әкімі бірқатар шағымдар мен ескертулер алған болатын. Сондай-ақ шұғыл түрде Риддер ЖЭО-мен жұмыс істеуге тура келді, мұндай жағдай қайталанбауы тиіс. Мен әрбір әкімге көмірді жеткізу, жөнелту мерзімдері мен отын мөлшері ескерілетін барынша нақты кесте жасауды тапсырдым. Сондай-ақ, сату нүктелерінің жұмысын тексеру және осы тізбектен алыпсатарларды (әсіресе шалғай аудандарға қатысты) алып тастау қажет.
1 тамызға қарай біздің әлеуметтік нысандарымызда көмірдің жүз пайыздық қоры болуға тиіс, ал 1 қыркүйекке қарай қалалар мен аудандардың жылумен жабдықтау жүйелеріндегі барлық жөндеу жұмыстарын аяқтау қажет. Тағы бір маңызды мәселе - жылу беру деңгейі. Атқарылған жұмыстар бойынша есептерді апта сайын тыңдайтын боламын, 15 қыркүйекке қарай өңірдің барлық нысандарында 2022-2023 жылдардағы жылу беру маусымына әзірлік паспорттары болуы тиіс.