«Книгоноша» әлеуметтік жоба: мүмкіндігі  шектеулі оқырмандармен жұмыс

«Книгоноша» әлеуметтік жоба: мүмкіндігі  шектеулі оқырмандармен жұмыс

5-11 мамыр күндері мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға үйге кітапханалық қызмет көрсету мақсатында «Книгоноша» әлеуметтік жобасы бойынша осы санаттағы оқырмандарға кітаптар жеткізілді.

Абай атындағы кітапхана қызметкерлері өз жұмысында қатардағы күнделікті оқырмандарға қызмет көрсете отырып,  егде жастағы және мүмкіндігі шектеулі жандармен кітапханалық қызмет көрсетуді назардан тыс қалдырмайды.

Мүмкіндігі  шектеулі және қария адамдарға  үйден қызмет көрсету, яғни кітапханашының үйге барып  кітаптар  жеткізу, әдебиетке тапсырыс алуы, әдебиеттердің ұсыныстық тізімі, оқылған кітап туралы әңгімелесу, мерекелермен құттықтау жұмыстар жыл бойы жоспарланып жүргізіліп келеді.

Оқырмандарға  қызмет көрсету бөлімінің мамандары  мереке күндері Оденцова Марина, Воробьева Екатерина, Сыздыкбеков Илияс, Рябчук Андрей сияқты  тұрақты оқырмандарымызға көркем әдеби кітаптар, мерзімді басылымдар және  кітапханаға жаңадан келіп түскен әдебиеттерді жеткізіп берді.

Кітапхана қызметкерлері оқырмандарды мамыр айындағы тамаша мерекелері 1 мамыр - Қазақстан Халықтарының Бірлігі күні, 9 мамыр – Жеңіс күнімен құттықтады.