Құрметті жерлестер!!!

Құрметті жерлестер!!!

Ұлы Жеңіс күніне орай өңірде бірқатар мерекелік іс-шаралар өтті. "Мәңгілік алау" мемориалына гүл қою рәсіміне қатысып, майданнан оралмағандарды бір минут үнсіздікпен еске алдық. Кешке дәстүрлі "шам жағыңыз" акциясы өтті. Жалпы, Шығыс Қазақстаннан соғыс жылдары әскерге 182604 адам шақырылған, олардың 95870-і ерлікпен қаза тапты. Біздің 109 солдат және офицер жерлестерімізге Кеңес Одағының батыры атағы берілді. Отандастарымыз барлық майдандарда соғысып, табандылық пен ерлік көрсетті. Сондықтан қасиетті парызымыз - оларды ұмытпай, еске алып, бейбіт күніміз үшін әрдайым тағзым ету!