Шығыс Қазақстан облысында ақпараттық-түсіндіру тобының (АТТ) мүшелері терроризмнің алдын алу бойынша теориялық сабақтар өткізді.
Іс-шараларға облыстағы орта және мектепке дейінгі мекемелерден 357-ге жуық қызметкер қатысты.
Қатысушыларға терроризм актісінің әртүрлі сценарийлері кезінде жасалуы тиіс тексерілген іс-әрекеттерге, адам көп жиналатын жерлерде күдікті заттарды тануға және террористік сипаттағы мәлімет түскен жағдайда мемлекеттік органдарды уақтылы ақпараттандыру туралы айтылды.
Сонымен қатар АТТ мүшелерімен түрлі қауіптер туындаған жағдайда уақытылы хабарлауға жауапты тұлғалардың әрекеттері туралы ақпарат жеткізілді. Барлық аталған шаралар террористік шабуылдан қорғауға бағытталған.
Сабақтар танымды өттіп, шараға қатысқандар шұғыл жағдайда қажет болатын білім мен дағдылар алды.