«Nur Otan» партиясының Саяси кеңесінің отырысын өткіздім

«Nur Otan» партиясының Саяси кеңесінің отырысын өткіздім

«Nur Otan» партиясының Саяси кеңесінің отырысын өткіздім. Онда 28 қаңтарда онлайн режимде өтетін партияның кезектен тыс XXI съезіне қатысатын 31 депутаттың тізімін жасақтадық. Ағымдағы жылдың 11 қаңтарында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев біздің алдымызға маңызды міндеттер жүктеді. Елімізде болған соңғы оқиғалар біздің бір команда болып бірігіп, нәтижелі әрі жүйелі жұмыс істей алатынымызды тағы бір мәрте көрсетті.

Қазіргі уақытта елімізді, оның барлық өңірлері мен қалаларын одан әрі дамыту үшін барлық күш-жігерімізді жұмылдыруға дайын екенімізді айтқым келеді. Мені партия қатарында сенімді және жауапты серіктестердің болуы, сондай-ақ мықты кадрлық резерв бар екендігі қуантады. Барлықтарыңызға белсенді қызметтеріңіз бен саяси-әлеуметтік мәселелерге бей-жай қарамай, асқан жауапкершілік танытқандарыңыз үшін алғыс білдіремін. Алдағы уақытта да бірлесе нәтижелі қызмет атқарайық.