Бүгін Глубокое ауданының жаңа әкімін таныстырдым

Бүгін Глубокое ауданының жаңа әкімін таныстырдым

Бүгін Глубокое ауданының жаңа әкімін таныстырдым. Бұл лауазымға Эльдар Лұқбекұлы Тумашинов тағайындалды. Жасы 34-те болғанымен, басқару саласында жұмыс тәжірибесі өте жоғары. Соңғы уақытта «Ертіс» ӘКК басқарды. Бұл әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын реттейтін, шағын және орта бизнеске қолдау білдіретін көп салалы мекеме екені белгілі. Аталмыш жұмыс тәжірибесі Глубокое ауданын басқаруда өте қажет деп санаймын. Ауданның аграрлық әлеуеті де өте жоғары, келесі жылы қуаттылығы жылына 300 мың тонна болатын май экстракциялық зауытының құрылысы аяқталатын болады. Бұл ауданның агроөнеркәсіп кешенін жаңа деңгейге шығаруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар әкімге ауданды абаттандыру, жол жөндеу, тұрғын үй мен әлеуметтік нысандар құрылысын одан әрі жалғастыру міндеті тұр.
Коронавирусқа қатысты жағдайға тоқталатын болсақ, өңірде ауру көрсеткіші төмендеп келеді. Бұл қуантарлық жәйт. Тұрғындарды ревакцинациялау үрдісі жақсы қарқынмен жүргізілуде. Халық үрейін қашырған Қазақстандағы соңғы жағдайларды ескере отырып, облыста тонау мен қирату фактілері тіркелген жоқ. Бұл тағы бір мәрте келісім мен татулық басты құндылығымыз екенін дәлелдейді.