Құрметті жерлестер!!!

Құрметті жерлестер!!!

Бүгін Өскемен қаласының әкімімен және менің құрылыс бөлімі жөніндегі орынбасарыммен облыс орталығы үшін жаңа маңызды жобаларды талқыландық. Бірінші кезекте бұл Бульвар айналымы, оған Мызы, Новаторов, Буров және Қабанбай батыр көшелері кіреді. Қазақстанның бірде-бір қаласында мұндай жоба жоқ, яғни біз қала тұрғындары үшін шын мәнінде бірегей демалыс аймағын құратын боламыз.
Ол балаларға өте қолайлы жүгіру және веложолдармен, құрғақ субұрқақтармен жабдықталады. Бұдан басқа бульвар сақинасында классикадан бастап Авангардқа дейінгі түрлі дәуірлердегі шағын сәулет нысандары мен мүсіндер орналасатын болады. Ең бастысы, ол Ертіс жағалауына шығып, ерекше реңге ие болмақ. Қалалық инфрақұрылым жобаларында теңдесі болмайды.
Бұдан басқа, абаттандыру "Ертіс Концерт" маңындағы аймақты да қамтиды, онда ескі субұрқақтың орнына алты құрғақ және ашық концерт алаңдары, өзге де іс-шараларды өткізуге арналған сахналар пайда болады. Өскемен қаласының келбетін ажарландыру жөніндегі барлық жаңашыл идеяларды қабылдаймыз және қарастырамыз. Аталмыш екі жаңа жобаны да қысқа мерзімде жүзеге асыруға тырысамыз. Облыс орталығының тұрғындары мен қонақтары үшін сүйікті демалыс орны ғана емес, бір қарағанда қайталанбас және танымал болатынына сенім артамыз.