Құрметті жерлестер!

Құрметті жерлестер!

Құрметті жерлестер!
Кезекті кеңейтілген аппараттық кеңесте көптілді білім беруді дамытудың кешенді жоспарын жүзеге асыру мәселесі талқыланды. Біз ата-ана ретінде балаларымыздың мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгергенін қалаймыз.
Кембридж университетінің әдістемесі бойынша шет тілдерін оқыту бағдарламасы өзінің тиімділігін көрсетті. Қазақ тілін оқытуды талдау кезінде әдістемеде жіберілген қателер байқалды. Осы ретте С. Аманжолов университеті орыс мектептерінде қазақ тілін оқытудың жаңа әдістемесін әзірледі. Қосымша әдістемелік материал оқытушыларға да, оқушыларға да мемлекеттік тілді үйренуге көмектеседі деп ойлаймыз. Жалпы, алдағы уақытта біліктілікті арттырудан 760-тан астам педагог өтетін болады. Қысқа мерзім ішінде біз еліміздің көптеген мектептері қызметке алатын бағдарламаны жасайтынымызға сенімдімін. Ең бастысы, біздің балалар мемлекеттік тілде жетік сөйлей бастайды.
Сонымен қатар кеңес барысында тағы бірқатар өзекті мәселелер талқыланды. Атап айтсақ, мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасына Б.Момышұлы көшесі 14 үйдегі жағдайды аяғына дейін жеткізуді тапсырдым. Авторлық және техникалық қадағалау өз міндеттемелерін тиісті орындамады, нәтижесінде көп қабатты үйдің тұрғындары зардап шекті. Олар жіберген кемшіліктеріне заң бойынша жауап беруі керек. Сондай-ақ, басқарма мамандары осы құрылымдардың одан әрі жұмысы бойынша ұсыныстар енгізуі тиіс.
Және де өңірді күз-қыс кездерінде төтенше жағдайдан қорғауға дайындау мәселесі де қаралды. Облыста 41 рет дауылды ескерту жарияланып, 36 рет жолдар жабылғаны туралы хабарламалар келді. Ең бастысы, қар құрсауына түскен адамдардың ешқайсысы зардап шеккен жоқ. Көктемгі су тасқыны алдында кез-келген тосын жағдайларға қарсы тұру үшін өрт сөндіру техникасын қосымша жабдықтармен күшейту қажеттілі де айтылды.