Құрметті жерлестер!

Құрметті жерлестер!

Облысымызда коронавирус инфекциясының өсу қарқыны байқалуда. Бір тәулік ішінде өңірде аурудың жаңа 213 жағдайы анықталды. Сонымен қатар КВИ таралуы қатаң бақылауда екенін тағы бір мәрте айтқым келеді. Бүгін мен медициналық жабдықтарды жеткізуші компания өкілдерімен келіссөздер жүргіздім. Осы ретте реанимациялық төсек орнын 500-ге дейін арттыратын боламыз. Облыста дәрі-дәрмектер мен жабдықтардың қажетті қоры бар.
Қазіргі таңдағы басты мәселе-балаларымызды, жас аналарды және жүкті әйелдерді Pfizer препаратымен вакцинациялауды жалғастыру. Бұл өте маңызды. Тәжірибе көрсеткендей, тек вакцинация вирустың таралуына қарсы тұра алады. Шығыс Қазақстанға қосымша 62 мың доза вакцина жеткізілді және ревакцинация үшін тағы 120 мың доза қажетті препараттар бар. Барлық егу пункттері штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Мен денсаулық сақтау басқармасына медициналық қызметкерлерді мүмкіндігінше тезірек қайта вакцинациялауды тапсырдым. Бүгінде өңір дәрігерлері коронавируспен күресуде алдыңғы қатарда, яғни медициналық мекемелерге үлкен жүктеме артылуда. Оларды қорғау біздің міндетіміз.
Медициналық тәжірибе көрсеткендей, вакцинацияланбаған коронавирус пациенттері ауыр түрде ауырады, сонымен қатар олар ауыр постковидті синдромға ие. Сондықтан КВИ вакцинациясы тіпті ауыратындарға да ұсынылады. Сіздерден барлық қажетті санитарлық нормаларды сақтауларыңызды сұраймын. Тек осылай ғана біз инфекцияның таралуына жол бермейміз.
Өзіңізді және жақындарыңызды қорғай біліңіздер!