Құрметті жерлестер!!!

Құрметті жерлестер!!!

Қала және аудан әкімдерімен кеңес өткіздім. Өз кезегінде экстремистік арандатушылыққа бой алдырмаған барлық шығысқазақстандықтарға алғыс айтқым келеді. Сіздердің парасаттылықтарыңыздың арқасында біз тонау оқиғаларынан аулақ болдық. Бүгінгі таңда 1000-нан астам адам ұсталды, әрқайсысы бойынша тергеу жүргізіліп, барлық экстремистер ҚР заңнамасына сәйкес жазаға тартылады. Біз алғаш рет осындай ауқымдағы террористік қауіпке тап болдық. Қазір облыста жағдай тұрақты, барлығы бақылауға алынған. Қоғамдық көлік, ауданаралық автобус қатынасы тұрақты және барлық банктер, банкоматтар, дүкендер, дәріханалар мен әлеуметтік объектілер штаттық режимде жұмыс істеп тұр деп сендіргім келеді. Банкоматтарда қолма-қол ақшамен проблема жоқ.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев мәжілісте сөз сөйлеп, халықпен және мемлекеттік органдармен түсіндіру жұмыстарын жүргізуді және Мемлекет Басшысы қойған міндеттерді орындау алгоритмдерін дайындауды тапсырды. Қауіпсіздік - бұл қазір таңдағы басты фактор. Өңірдің Қарулы Күштерін жарақтандыруды жақсарту бойынша техникалық ұсыныстар бар. Оны іске асыруымыз керек. Бұдан басқа, маңызды мәселе - баға белгілеу, бейінді ведомстволар әлеуметтік маңызы бар тауарлардың құнын бақылауды қамтамасыз етуі тиіс. Кеңес аясында АӨК өкілдеріне осы секторды субсидиялау бойынша ұсыныстар әзірлеуді тапсырдым. Сондай-ақ, осы күндері азаматтардан келіп түскен бірде-бір хабарлама назардан тыс қалмайтынын атап өткім келеді.
COVID-19 жағдайына келетін болсақ, біз вирустың таралуын тежейміз, бірақ азаматтардың вакцинация және ревакцинация алу жұмыстарын тағы бір мәрте күшейтуіміз керек.