Құрметті жерлестер!!!

Құрметті жерлестер!!!

Бүгін Өскемендегі жаппай тәртіпсіздіктерді жою кезінде жарақат алған әскери қызметшілерге барып, қал-жағдайларын білдім. Өскемен әскери бөлімінің екінші атқыштар ротасы бақылаушылар взводының кіші сержанты тыныс алу жолдарының күйігі жарақатын алып, ауруханада жатыр. Бес бала тәрбиелеп отырған үлкен отбасының иесі ойланбастан бейбіт тұрғындарды қорғап, шабуылшылар мен араңдатушыларға тосқауыл берді. Отанға деген жанқиярлық қызметі мен қалыптасқан жағдайда көрсеткен ерлігі үшін алғыс айттым. Әкелерінің жарқын ісіне деген ризашылық белгісі ретінде жанұясына арнайы сыйлықтар табыс еттім.
Сондай-ақ, аяғынан жарақат алған полиция қызметкерінің де жағдайын біліп қайттым. Ол өз денесімен жарық шуылы гранатасын жауып, әріптестері мен бейбіт тұрғындарды қорғады. Үйінде емделіп жатқан ол өз елі мен оның азаматтарын одан әрі қорғауға дайын екенін жеткізді. Жігіттер өздерін нағыз батыр ретінде көрсете білді. Біздің елімізде, атап айтқанда, Шығыс Қазақстанда бейбітшілік пен келісімді бұзуға тырысқандарға қарсы күресте сарбаздар ерлік танытып, жоғары алғысқа ие болуда. Олар – нағыз патриоттар, Отанға деген жоғары сүйіспеншіліктің үлгісі.
Жеке өзімнің және облыс тұрғындарының атынан ерең еңбектері мен адал қызметтері үшін зор алғыс білдіремін.