Балаларға арналған құттықтау

Балаларға арналған құттықтау

Құрметті жерлестер!!!

Бүгін жыл сайынғы дәстүр бойынша ел Президентінің және өзімнің атымнан жас шығысқазақстандықтарды Жаңа жылмен құттықтадым. Президент шыршасына 9-13 жас аралығындағы 450 бала қатысты. Бұл көп балалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан балалар, жетімдер, оқуда, спортта, шығармашылықта үлкен жетістіктерге жеткен дарынды және ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар.

Өкінішке орай, пандемия жағдайында біз оларды бірге жинай алмаймыз, сондықтан мерекелік шаралар барлық балалар мекемелерінде және облыстың барлық аудандарында өтті. Президенттік шыршаның әрбір қатысушысы Жаңа жылға ноутбук, дәстүрлі тәтті сыйлық және "Киелі география"балалар кітабын алды. Балалар мерекеге өте жақсы дайындалғанын, конкурстарға белсенді қатысқанын, ән айтып, өлең оқығанын атап өткім келеді!

Өңірде білімді ұрпақ тәрбиесіне барлық жағдай жасалуда, өйткені болашақ - біздің балаларымызда. Біз IT-сыныптар аштық, форумдар мен хакатондар өткізудеміз, жаңа спорттық және мәдени нысандар бой көтеріп, әрбір баланың бойындағы дарындылықты байқау үшін түрлі үйірмелер мен секциялар жұмыс жасап отыр. Біздің балаларымыз үлкен жетістіктерге жететініне сенімдімін, өйткені олардың айқын мақсаты бар! Балаларды және олардың ата-аналарын келе жатқан Жаңа жылмен шын жүректен құттықтаймын! Барлықтарыңызға денсаулық, бақыт, бейбітшілік пен амандық тілеймін! Мереке құтты болсын!