Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Мемлекеттік қызметшілерді дамытудың кәсіби траекториясы: құзыреттілік, инновациялылық, нәтижелілік» Халықаралық ғылыми-практикалық бейнеконференциясы өтті

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған  «Мемлекеттік қызметшілерді дамытудың кәсіби траекториясы: құзыреттілік, инновациялылық, нәтижелілік»  Халықаралық ғылыми-практикалық бейнеконференциясы өтті

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Мемлекеттік қызметшілерді дамытудың кәсіби траекториясы: құзыреттілік, инновациялылық, нәтижелілік» Халықаралық ғылыми-практикалық бейнеконференциясы өтті

Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясының ШҚО филиалы

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің

Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті

                                        

2021 жылғы 30 қарашада Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясының ШҚО филиалы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Мемлекеттік қызметкерлерді дамыту кәсіби траекториясы: құзыреттілік, инновациялылық, нәтижелілік» атты Халықаралық ғылыми-практикалық бейнеконференция өтті.

Конференцияға жоғары оқу орындарының профессорлық-оқытушылық құрамы, мемлекеттік қызметшілер, әдеп жөніндегі уәкілдер, тәлімгерлер, мемлекеттік емес ұйымдардың өкілдері, Академияның магистранттары, докторанттары, сондай-ақ Ресей Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және Мемлекеттік қызмет академиясының өкілдері, шетелдік жоғары оқу орындарының профессорлары қатысты.

Конференцияның негізгі бағыттары:

  1. Мемлекеттік қызметшілердің кәсібилігі мен құзыреттілігі: технологиялар мен даму жолдары.
  2. Мемлекеттік қызметшілердің инновациялық әлеуетін қалыптастыру.
  3. Мемлекеттік қызметтегі тәлімгерлік жеке және кәсіби өсу стратегиясы.
  4. Мемлекеттік қызметшілердің кәсіби қызметінің тиімділігі мен нәтижелілігі.
  5. Мемлекеттік қызметшілердің парасаттылық мәдениетін қалыптастырудың құндылық негіздері.

Іс-шара үш кезеңде өткізілді:

  1. Конференцияның салтанатты ашылуы.

Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясының ректоры, экономика ғылымдарының кандидаты Абил Е.К. құттықтау сөз сөйледі.

Конференцияның пленарлық бөлімінде баяндама оқыды:

Еркебаев Н.Т., Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің ШҚО бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңестің төрағасы, «Мемлекеттік қызметшілердің кәсіби қызметінің тиімділігі мен нәтижелілігі»

Ковалев С. Э., Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясының ШҚО филиалы директоры, «Результативность обучения государственных служащих: компетентностный подход»

Бабкина Л.Н., «Ресей Федерациясы Президентінің жанындағы Ресей халық шаруашылығы және Мемлекеттік қызмет академиясы» жоғары білім беру федералдық мемлекеттік бюджеттік білім беру мекемесінің Солтүстік-Батыс басқару институтының мемлекеттік және муниципалдық басқару кафедрасының профессоры, экономика ғылымдарының докторы, «Формирование компетенций государственных служащих: методологические подходы»

Вульфович Р.М., «Ресей Федерациясы Президентінің жанындағы Ресей халық шаруашылығы және Мемлекеттік қызмет академиясы» жоғары білім беру федералдық мемлекеттік бюджеттік білім беру мекемесінің Солтүстік-Батыс басқару институтының мемлекеттік және муниципалдық басқару кафедрасының профессоры, «Ценностные ориентации в процесс подготовки и непрерывного процесса обучения публичных служащих в условиях развитой демократии»

Белошниченко Е.В., Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының құзыреттерін бағалау секторының бас сарапшысы, PhD докторы, «Оценка компетенций в системе построения индивидуальной траектории развития государственных служащих: опыт, тенденции и перспективы»

Берекполова Г.О., Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясының ШҚО филиалының аға оқытушысы,педагогика ғылымдарының магистрі «Мемлекеттік қызметтегі тәлімгерлік институты: тәжірибесі және даму болашағы»

Грызунова Г.В., Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясының ШҚО филиалының профессоры,  психологиялық ғылымдар кандидаты, «Нравственное сознание как основа профессиональной траектории развития государственных служащих».

  1. Панельдік секция отырысы.

Конференцияда 3 панельдік секцияда жұмыс істеді: №1 панельдік секция «Мемлекеттік қызметшілердің кәсібилігі мен құзыреттілігі: технологиялар мен даму жолдары» (модератор - Биханова А.С., Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясының ШҚО филиалының аға оқытушысы, экономика ғылымдарының магистрі); №2 панельдік секция  «Мемлекеттік қызметтегі тәлімгерлік жеке және кәсіби өсу стратегиясы» (модератор - Берекполова Г.О., Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясының ШҚО филиалының аға оқытушысы,педагогика ғылымдарының магистрі); №3 панельдік секция  «Мемлекеттік қызметшілердің парасаттылық мәдениетін қалыптастырудың құндылық негіздері» (модератор - Грызунова Г. В., Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясының ШҚО филиалының профессоры,  психологиялық ғылымдар кандидаты).

  1. Конференциның нәтижелері.

Іс-шара соңында конференция қатысушыларына сертификаттар жіберілді.

 

Ұйымдастырушылар байланыс телефоны:

8-705-527-97-60, 8-777-494-51-51

е-mail: g.berekpolova@apa.kz