Шығыс Қазақстан өңірінің басшысы кәсіподақтардың қызметіне жоғары баға берді

Шығыс Қазақстан өңірінің басшысы кәсіподақтардың қызметіне жоғары баға берді

Облыс әкімі Даниал Ахметовтың төрағалық етуімен өткен ШҚО Әлеуметтік серіктестік және әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу жөнінде облыстық үш жақты комиссия отырысының қорытындысы бойынша, ШҚО Кәсіподақтар орталығы төрағасы Темірбек Жұмақұловтың ақпаратын тыңдап және талқылап, комиссия шешті:

- Әлеуметтік  серіктестік тараптары 2021-2023 жылдарға облыс әкімдігі, облыстық кәсіподақтар бірлестіктері мен жұмыс берушілер бірлестіктері арасындағы келісім ережелерінің мүлтіксіз орындалуын қамтамасыз етсін;

«Облыстық кәсіподақтар бірлестігімен үлкен жұмыс атқарылғанын атап өткім келеді. Олардың құрамына кіретін кәсіпорындардың  жалақы бойынша берешектері жоқ, көптеген әлеуметтік мәселелер шешілуде», - деп қорытындылады ШҚО әкімі.

Одан басқа, комиссия отырысында «БИПЭК АВТО – АЗИЯ АВТО» кәсіпорны жұмыскерлерінің алдындағы жалақы бойынша берешекті толық төлеу мәселесі талқыланды.

«Биліктің, өнеркәсіптік компаниялардың, әлеуметтік қызметтердің, кәсіподақтардың бірлескен үйлесімді іс-қимылдары адамдарды қысқа мерзімде жұмыспен қамтуға мүмкіндік берді. Бос жұмыс орындары жәрмеңкелері және кәсіпорынның еңбек ұжымымен кездесулер өткізілді», - деп хабарлады Даниал Ахметов.

Отырыс қорытындысы бойынша өңірде тұрақты әлеуметтік жағдайды қолдау үшін бірқатар шешімдер қабылданды.

«ШҚО Кәсіподақ орталығы» АКБ   

 

#kasipodaqkz

#ӘлеуметтікӘріптестік

#СоцПартнерство