Әлеуметтік серіктестіктер комиссияның кезектен тыс отырысын өткізді

Әлеуметтік серіктестіктер комиссияның кезектен тыс отырысын өткізді

22 қазан жұма күні ШҚО кәсіподақтарының бастамасымен облыс әкімінің орынбасары Шәкәрім Бұқтұғұтовтың төрағалық етуімен облыстық әлеуметтік серіктестіктер жөніндегі үш жақты комиссияның кезектен тыс отырысы өтті.

Күн тәртібінде тек бір сұрақ болды – «Востокмашзавод» АҚ жалақыны өз уақтында төлеу және жағдайды тұрақтандыру бойынша қабылданған шаралар туралы. Комиссия отырысына барлық мүдделі тараптар шақырылды, соның ішінде ШҚО Еңбек инспекциясы басқармасының басшысы, ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті берешектермен жұмыс жөніндегі басқармасының басшысы, Жеке сот орындаушылар Палатасы филиалының басшысы, сонымен қатар «Востокмашзавод» АҚ басшылығы мен кәсіподақ ұйымының төрағасы және кәсіпорын ірі кредиторының өкілі – «Өскемен Жылу жүйелері» АҚ қаржылық директоры.

Әлеуметтік серіктестіктер тараптары кәсіподақтардың ақпаратын тыңдады, олар әлеуметтік серіктестіктердің назарын жұмыс берушінің жұмыскерлердің жағдайын нашарлататын заңсыз іс-әрекеттеріне назар аударды. Жұмыс беруші жалақы, салықтық және басқа да төлемдер бойынша берешектері бола отыра, жұмыс аптасын азайту мен тоқтату арқылы жұмыскерлердің есебінен қарыздық жүктемесін азайтуға тырысады. Темірбек Қасымжанов әлеуметтік серіктестер тараптарына Мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасына жұмыс берушінің толық емес жұмыс аптасын енгізу мен бір мезгілде жұмысты тоқтату бөлігі бойынша бұйрықтың заңдылығын қарауды тапсыруды, және оған тиісті құқықтық баға беруді ұсынды.

Үлкен несиелік қарыздармен және есеп шоттарының қамауға алынуымен күрделенген «Востокмашзавод» АҚ жағдай жөнінде ақпаратты тыңдап және талқылап, әлеуметтік серіктестіктер және әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі комиссия келесі тапсырмаларды берді:

– «Востокмашзавод» АҚ басшылығы қараша айының 15-не дейінгі мерзімде тамыз-қыркүйек айларының жалақысын төлеу бойынша жедел шаралар қабылдасын;

– «Востокмашзавод» АҚ басшылығы жылу жүйелері алдындағы қарызды кезең-кезеңмен өтеу кестесін келісімдеп, бекітсін;  

– кәсіподақтар еңбек қақтығыстарының алдын алу мен әлеуметтік шиеленісті төмендету бойынша жұмыскерлермен түсініктеме жұмыстарын өткізсін.

Ұсыныстар:

– «Востокмашзавод» АҚ жұмыскерлердің жағдайын төмендетін толық емес жұмыс уақыты кестесіне көшуден бас тарту;

– «Өскемен жылу жүйелері» АҚ  «Востокмашзавод» АҚ-мен   қарызды кезең-кезеңмен өтеу кестесін келісімдегеннен кейін және бірінші транш түскен соң атқару парағын кері қайтарып алсын және зауытта өндірістік процессті тұрақтандыру үшін жылу энергиясын қоссын.

«Востокмашзавод» АҚ жағдай соңғы бірнеше жылдар бойы тұрақсыз болып сипатталады, әлеуметтік серіктестіктермен мұқият қадағалануда, комиссия отырыстарында жүйелі түрде талқыланады және осы бірегей өндірістік нысанды сақтап қалу үшін барлық мүмкін шаралар қабылдануда.