Қысқы кезең жақындаған сайын Шығыс Қазақстанда жылыту пункттері дайындалуда         

Қысқы кезең жақындаған сайын Шығыс Қазақстанда жылыту пункттері дайындалуда          

Жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, ШҚО ТЖД құтқарушылары сыйымдылығы 385 адам болатын, медициналық жабдықтармен, су және жанар-жағармай материалдарын сақтайтын ыдыстармен жабдықталған 19 жылыту пунктін іске қосуды жоспарлап отыр. Бұдан басқа, облыста қысқы кезеңде көмек көрсету және азаматтарды жылыту үшін 33 жол бойындағы кафе және арнайы реанимобильдер мен медициналық жабдықтары бар 4 трассалық медициналық-құтқару пункті жұмыс істейтін болады.
Адамдарды қар құрсауынан құтқару үшін ТЖД 406 бірлік техника, оның ішінде 153 жол талғамайтын техника дайындады.    Қысқы кезеңдегі төтенше жағдайларды жою үшін қазіргі сәтте жолдардың қауіпті учаскелеріндегі күштерді орналастыру бойынша есептер орындалады, төтенше жағдайларды жою және қысқы кезеңде халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін ведомстволар, ұйымдар арасындағы өзара іс-қимыл бойынша іс-қимыл жоспарлары түзетіледі.
Дағдарыс орталықтары ақпаратты қабылдауға, өңдеуге және тиісті шешімдер қабылдауға, жылу, су және энергия көздерінің тұрақты жұмысына мониторинг жүргізуге дайындайды.
Дауылды ескерту жағдайында "Дәрмен" мобильді қосымшасы жұмыс істейді, онда жолдардың жабылуы мен ашылуы, ауа райы жағдайлары, ауа температурасының төмендеуі туралы ақпарат көрсетіледі.
Өткен қыста құтқарушылар 452 адамды, оның ішінде 30 баланы эвакуациялады. Қар құрсауынан 119 бірлік техниканы шығаруға көмек көрсетті.