2021 жылғы 8 қазанда БКБ режимінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмыстың жай-күйі мәселесі жөнінде семинар-кеңес өткізілді

2021 жылғы 8 қазанда БКБ режимінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмыстың жай-күйі мәселесі жөнінде семинар-кеңес өткізілді

2021 жылғы 8 қазанда БКБ режимінде Сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу бойынша профилактикалық іс-шаралар өткізу мақсатында Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппараты басшысының міндетін атқарушы Жәнібек Қапышұлы Шаянбаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ШҚО бойынша департаментінің бірінші орынбасары Жігер Еркінбекұлы Байділдинмен бірлесіп, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмыстың жай-күйі мәселесі жөнінде семинар-кеңес өткізілді.

Семинар-кеңеске облыстық басқармалардың басшылары, қалалар мен аудандардың әкімдері, сондай-ақ олардың орынбасарлары қатысты. Глубокое және Бородулиха аудандарының әкімдіктері тарапынан әкімдік құрылымына кіретін барлық мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.

Талқылау тақырыбы Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ШҚО бойынша департаментінің Бородулиха ауданы әкімінің орынбасары К. Ж. Балықбаевқа қатысты қылмыстық істі қарау нәтижелері бойынша қылмыстық құқық бұзушылық және басқа да заң бұзушылықтарды жасауға ықпал еткен мән-жайларды жою туралы ұсынысы және Глубокое ауданы әкімінің орынбасары С. Б. Қимасовқа қатысты қылмыстық істі қарау нәтижелері бойынша Глубокое аудандық сотының жеке қаулысы болды.

Кездесу барысында мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасау фактілері қоғамда теріс резонанс тудырып, азаматтардың атқарушы билікке деген сеніміне нұқсан келтіретіні атап өтілді.

Сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасауға ықпал ететін себептердің бірі мемлекеттік органдардың бірінші басшылары, өңірлер әкімдері тарапынан сыбайлас жемқорлық фактілерінің алдын алу бойынша профилактикалық және түсіндіру жұмыстарының жеткіліксіздігі болып отыр.

Глубокое және Бородулиха аудандары әкімдерінің атқаратын лауазымдарына сәйкестігі туралы мәселе Отставка институтын іске асыру және қарамағындағылардың сыбайлас жемқорлық қылмыстар жасағаны үшін басшыларды жауапкершілікке тарту жөніндегі іс-қимылдар алгоритміне сәйкес, яғни үкімдер заңды күшіне енгеннен кейін шешілетін болады.