Шығыс Қазақстан облысының Қоғамдық кеңесі 2021 жылғы 28 қыркүйекте сағат 11.00-де Өскемен қаласы...

Шығыс Қазақстан облысының Қоғамдық кеңесі 2021 жылғы 28 қыркүйекте сағат 11.00-де Өскемен қаласы...

Шығыс Қазақстан облысының Қоғамдық кеңесі 2021 жылғы 28 қыркүйекте сағат 11.00-де Өскемен қаласы, М. Горький көшесі 40 мекен-жайында (мәжіліс залы 108 каб.) қоғамдық тыңдаулар өткізетіндігі туралы хабарлайды.

Қарастырылатын сұрақтар:

1. ҚР Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің ШҚО бойынша "2021 жылғы 9 айда мемлекеттік қызметтер желісі бойынша атқарылған жұмыс қорытындылары"ақпаратын тыңдау.
2. Нормативтік құқықтық актілердің жобаларын қарау:
1) Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының «2021-2023 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» 2020 жылғы 14 желтоқсандағы №44/495-VI шешімге өзгерістер енгізу туралы» шешім жобасы;
2) Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының «Шығыс Қазақстан облысы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы» 2019 жылғы 5 қарашадағы № 34/367-VI шешіміне өзгеріс енгізу туралы» шешім жобасы;
3) Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің «2021-2022 оқу жылына арналған жергілікті бюджет қаражаты есебінен жоғары білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылатын жоғары оқу орындарының тізбесін бекіту туралы» қаулы жобасы;
4) Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің «2021-2022 оқу жылына техникалық және кәсіптік,орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы» қаулы жобасы;
5) Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 105 «Коммуналдық көрсетілетін қызметтерді ұсыну қағидаларын бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы қаулы жобасы;
6) Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің «Шығыс Қазақстан облысының су объектілерінде рекреациялық балық аулау аймақтарын белгілеу туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы қаулы жобасы;
7) Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2021 жылғы 1 сәуірдегі № 94 «Тұқым шаруашылығын дамытуға 2021 жылға субсидиялауға арналған бюджет қаражаттарының көлемдерін бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы қаулы жобасы;
8) Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2021 жылғы 9 сәуірдегі № 97 «2021 жылға арналған субсидияланатын тыңайтқыштар (органикалықтарды қоспағанда) түрлерінің тізбесін және тыңайтқыштарды сатушыдан сатып алынған тыңайтқыштардың
1 тоннасына (литріне, килограмына) арналған субсидиялар нормаларын, сондай-ақ тыңайтқыштарды (органикалықтарды қоспағанда) субсидиялауға бюджеттік қаржы көлемдерін бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы қаулы жобасы.

Ақпарат алуға арналған байланыс телефоны: 87718516274

Нормативтік құқықтық актілердің жобалары келесі сайттарда жарияланған:
https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/documents
http://www.maslihatvko.gov.kz