Әлеуметтік серіктестің тараптары облыстық келісімнің жеке ережелерінің жүзеге асырылуын талқылады

Әлеуметтік серіктестің тараптары облыстық келісімнің жеке ережелерінің жүзеге асырылуын талқылады

Облыс әкімі орынбасарының төрағалық етуімен онлайн режимінде әлеуметтік серіктестік және әлеуметтік-еңбек сұрақтарын реттеу жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті.

Әлеуметтік серіктестіктін тарабы ретінде кәсіподақтармен күн тәртібіне Облыстық үш жақты әлеуметтік серіктестік туралы келісімнің 2.10. тармағын жүзеге асыру мәселесі енгізілді, атап айтқанда бюджет саласының ұйымдары мен мекемелерінің біліксіз еңбек жұмыскерлеріне сауықтыруға жәрдемақы төлеу туралы ереже туралы. ШҚО білім және ғылым жергілікті кәсіподағының құқықтық мәселелері жөніндегі бас маманы, облыстық үщ жақты комиссия мүшесі Иван Соколов өз сөзінде отырыс қатысушыларын Келісімнің жоғарыда айтылған ережелерінің бюджет саласының барлық ұйымдары мен мекемелерінде орындалмайтыны жөнінде  ақпараттандырды, атап айтқанда жұмыскерлердің барлық санаттарына, облыс білім саласы мекемелеріндегі  барлық біліксіз жұмыскерлерін қосқанда лауазымдық жалақысы мөлшерінде жыл сайыңғы еңбек демалысына қоса берілетін сауықтыру жәрдемақысы төлемінің жоқтығы туралы атап айтты.

- Қабылданған міндеттемелерге сәйкес Келісім шарттарының Тараптармен жүзеге асырылуы – әлеуметтік серіктестіктердің ең басты міндеті болып таылады деп атап өтті Иван Соколов. Мәселені қарау қорытындысы бойынша Комиссия төрағасы Шәкәрім Бұқтұғұтов білім және экономика басқармаларының басшыларына кәсіподақ өкілдерімен бірлесе атап айтылған мәселені шешу жолдары мен механизмдерін талқылау туралы тапсырма берді, сонымен қатар келесі отырыста қабылданған шешім туралы есеп беруін талап етті, оның ішінде қаржыландыру көздері жөнінде.

Одан басқа, комиссиямен «Парыз» республикалық бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі конкурсының өңірлік сатысы қорытындысы туралы ақпарат және кәсіподақтардың бастамасымен басталған үлкен қарыздары бар кәсіпорындардың әлеуметтік аударымдары бойынша берешектерін төмендету шаралар туралы ақпарат тыңдалды. Республикалық сатыда  «Парыз» республикалық бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі конкурсының өңірлік жеңімпаздары бекітілді.

 

«ШҚО Кәсіподақтар орталығы» АКБ