Қазақстанда тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың бірыңғай ақпараттық жүйесі іске қосылды

Қазақстанда тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың бірыңғай ақпараттық жүйесі іске қосылды

Әр адам тауарларды сатып алу мен қызметтерді пайдалану барысында сапасыз заттарға немесе сатушы мен қызмет көрсетуші тарапынан болатын жауапсыздыққа ұрынып жатады. Көбінде сатып алушының құқықтары сатып алудан бұрын бұзылады, сатушылар өнімнің шығу тегі мен сапалық сипаттамалары туралы жалған ақпарат береді, кей жағдайда ақпарат беруден бас тартады. Бұл жағдайлардың барлығы тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласына кіреді және ҚР 2010 жылғы 4 мамырдағы №274-IV «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Заңымен реттеледі.

        Тұтынушылардың құқығын қорғау және түрлі келеңсіз жағдайлардың алдын алу мақсатында  ҚР Сауда және интеграция министрінің бұйрығына сәйкес 2021 жылдың басынан e-tutynushy.kz сайтында Тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың бірыңғай ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – ТҚҚБАЖ) жұмыс істейді.

ТҚҚБАЖ – Қазақстандық азаматтардың тұтынушылық құқықтары туралы ақпарат жинақталған онлайн-платформа. Тұтынушылық құқығы бұзылған кез-келген адам сайт арқылы құқық қорғаушылармен байланысқа шыға алады немесе арыз-шағымдарын сауда ұйымдарының өкілдеріне жолдай алады.

         Айта кетейік, тұтынушылардың өтініштерін қарау олардың құқықтарын қорғау жүйесінің барлық деңгейінде қаралады:

- тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) сатушылар (дайындаушылар, орындаушылар), ойындардың бастамашылары (ұйымдастырушылары) ;

- тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктері, қауымдастықтар (одақтар), заң кеңесшілері мүшелеріне жататын немесе заң бойынша көмек көрсететін кеңесшілер және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де тұлғалар;

- тұтынушылық дауларды сотқа дейін реттеу субъектілері;

- тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілетті орган.

Өтінішті жіберу үшін алдымен e-tutynushy.kz. сайтында тіркеуден өту керек.

       Сондай-ақ тұтынушылық құқықтарды қорғау мәселелері бойынша ШҚО тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне жүгінуге болады, ол Өскемен қаласы, Буров көшесі, 20, телефон 8 (7232) 267-207 мекенжайы бойынша орналасқан. Электрондық мекен-жайы: dzpp.vko@mti.gov.kz.