"Әскерге шақыруды кейінге қалдыруды ұсыну" мемлекеттік қызметі электрондық түрде "электрондық үкімет" порталы арқылы көрсетіледі.
Қызметті онлайн қалай алуға болады ("электрондық лицензиялау" порталында www.elicense.kz)
1. Осы бетте "Қызметке онлайн тапсырыс беру" батырмасы бойынша өту, содан кейін жаңа терезеде "электрондық лицензиялау"порталы ашылады.
2. Жүйеге кіру немесе "электрондық лицензиялау"порталында тіркелу.
3. Қызмет паспортында құжаттар топтамасымен танысу және "Қызметке онлайн тапсырыс беру" батырмасы бойынша өту немесе қажетті кіші қызмет түрін таңдау және "бұдан әрі"батырмасы бойынша өту.
4. Қажетті деректерді көрсету, өтінішті толтыру және өзіңіздің ЭЦҚ-мен қол қою.
5. Берілген өтініштің мәртебесін Жеке кабинетте "Менің өтінішім"бөлімінде қадағалауға болады. Рұқсат алу туралы "Менің рұқсат беру құжаттарым" бөлімінен, хабарлама алу туралы - "Менің хабарламаларым"бөлімінен біле аласыз.
ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ НӘТИЖЕСІ
Әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыруды ұсыну туралы шақыру комиссиясының қорытындысы немесе Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.