Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары тағайындалды

Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары тағайындалды

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша, Шығыс Қазақстан облысы әкімінің биылғы 30 маусымдағы өкімімен аймақ басшысының орынбасары болып Азамат Мұхамедчинов тағайындалды

Азамат Мұхамедчинов 1978 жылы 23 ақпанда Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Асу-Бұлақ ауылында дүниеге келген. 2007 жылы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін, 2013 жылы «Экономика және бизнес» мамандығы бойынша Шығыс Қазақстан өңірлік университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын 1998 жылы орта мектеп мұғалімі болып бастаған. 2001 жылдан 2008 жылға дейін Риддер қаласындағы көпсалалы «Шаңырақ» мектеп-гимназиясында мұғалім болды. 2008-2012 жылдар аралығында «Мәдениет сарайы» КМҚК директоры, Риддер қаласының Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бастығы болды. 2012 жылдың сәуір айынан бастап Өскемен қаласының Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімін басқарды.

2016-2019 жылдары Шығыс Қазақстан облысының Мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының басшысы болды. 2019-2020 жылдары облыс әкімінің аппаратын басқарды. 2020 жылдың желтоқсан айынан бүгінге дейін ШҚО Ішкі саясат басқармасының басшысы қызметін атқарып келді.