ШҚО әкімінің баспасөз хатшысы қызметіне Жанжігіт Омархан тағайындалды

ШҚО әкімінің баспасөз хатшысы қызметіне Жанжігіт Омархан тағайындалды

Омархан Жанжігіт Абзалбекұлы бұған дейін ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің баспасөз хатшысы қызметін атқарды

 

Жанжігіт Омархан Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің журналистика және құқықтану факультетін, Қазақ инновациялық гуманитарлық заң университетін, сондай-ақ Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің магистратурасын «Журналистика» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2009 жылы «Астана» телеарнасында бастады. Онда журналист-редактор және бағдарлама жүргізушісі болып жұмыс істеді.

2011-2015 жылдары «QAZAQSTAN» ұлттық телеарнасында «Иман айнасы» бағдарламасын жүргізді.

2015 жылы «Еуразия 1» телеарнасында «Ашығын айтқанда» ток-шоуын тізгіндеді. 2016 жылы «Астана» телеарнасында «Өзекті» авторлық бағдарламасын жүргізді әрі жетекшілік етті.

       2018-2019 жылдары – «Жамбыл облысының Өңірлік коммуникация қызметі басшысының орынбасары, кейін басшысы, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ баспасөз қызметінің басшысы қызметтерін атқарды.

2019 жылдан бері ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің баспасөз хатшысы болып жұмыс істеді.