«БЖЗҚ» АҚ-дағы «Ашық есік күні»

«БЖЗҚ» АҚ-дағы «Ашық есік күні»

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры тұрғындар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу аясында 18 маусым күні онлайн форматтағы «Ашық есік күнін» өткізеді. Кез келген адам арнайы онлайн-платформаның көмегімен осы іс-шараға үйден шықпай-ақ, қатыса алады.

Іс-шара тақырыбы – «Ерікті зейнетақы жарналары, шотты ашып, толықтыру – өте оңай!» деп аталады. Іс-шараның негізгі мақсаты ерікті зейнетақы жарналарын насихаттау. Қазіргі уақытта заңнамаға бірқатар өзгерістер енгізілді, олар жинақтау мәдениетін дамыту үшін тамаша ынталандыру болмақ.

Мәселен, жыл басынан бері салық агентінің (жұмыс беруші) өз қаражаты есебінен қызметкердің пайдасына төлейтін ЕЗЖ корпоративтік табыс салығын есептеу кезінде шегерімге жатқызылады. Сонымен қатар, жұмыс берушінің қызметкердің пайдасына төлеген ЕЗЖ сомасы қызметкердің табысына салық салу кезінде ескерілмейді. Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының жыл ішінде талап етілмеген кепілдік берілген өтем сомаларын БЖЗҚ-дағы ЕЗЖ есептелетін жеке зейнетақы шоттарына есепке алу үшін аудару тәртібін ережелейтін заң нормалары да қолданысқа енгізілді. Сондай-ақ, ең маңызды жаңалықтардың бірі алғашқы ерікті салым жасалған кезде ЕЗЖ шоттарының автоматты түрде ашылуы болды.

Бұған қоса, аталмыш іс-шараның мақсаты – жинақтаушы зейнетақы жүйесінің жұмысына қатысты басқа да мәселелер бойынша кешенді ақпарат беру.  

Өз болашағы туралы бүгіннен ойланатын адамдардың барлығын «Ашық есік күніне» қатысуға шақырамыз!

«Ашық есік күні» онлайн-форматта 18 маусымда өтеді 12-00, 16-00. Іс-шараға қатысу үшін тіркелу қажет.

Осы шараға қатысу үшін тіркелу қажет. Әр қатысушыға кестедегі сілтемеге кіру керек. Содан соң event-жиналыс нөмірі мен паролі енгізіледі.

Event- жиналыс:

Іс-шара «Ашық есік күні» «БЖЗҚ» АҚ

Event- жиналыс адресі:

https://enpf.webex.com/enpf/onstage/g.php?MTID=ed043d3363845af64ad3ce24c710ad99c

:https://enpf.webex.com/enpf/onstage/g.php?MTID=ef0ca59050cf66d57e62b3eff295f9852

Күні мен уақыты:

18 маусым күні сағат 12.00 Ортаазиялық уақыт бойынша (Алматы, GMT+06:00)

18 маусым күні сағат 16.00 Ортаазиялық уақыт бойынша (Алматы, GMT+06:00)

Event- жиналыс нөмірі:

184 980 9388

184 315 2062

Event- жиналыс паролі:

222333

444555

Сіздерді асыға күтеміз!