Әлеуметтік әпіптестік туралы үш жақты келісімді жүзеге асыру жөнінде іс-шаралар жоспарының жобасы қаралды

Әлеуметтік әпіптестік туралы үш жақты келісімді жүзеге асыру жөнінде іс-шаралар жоспарының жобасы қаралды

Онлайн режимінде кәсіподақтардың басшылығымен ШҚО әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу бойынша  комиссияның кезекті отырысы өтті.

Күн тәртібіне 7 тараудан және 43 тармақтан тұратын 2021-2023-жылдарға Шығыс-Қазақстан облысы әкімдігі және облыстық  кәсіподақтар бірлестіктері мен жұмыс берушілер бірлестіктерінің арасында қол қойылға, үш жақты Келісім аясында қабылданған міндеттемелерді іске асыру бойынша Іс-шаралар жоспарының жобасы енгізілді. Іс-шаралар жоспары таяу уақытта бекіту үшін әлеуметтік әріптестерге-келісім тараптарына қарау және келісімдеу үшін бағытталған.

Отырыс төрағасы Темірбек Қасымжанов өз сөзінде – Өздеріне қабылдаған міндеттемелерге сәйкес Келісімнің шарттарын жүзеге асыру – әлеуметтік серіктестіктердің басты міндеті болып табылады деп атап айтты.

Одан басқа, комиссиямен өңірдің кәсіпорындары мен ұйымдарындағы еңбекақы берешектерін төлеуге, оңалтудағы банкрот кәсіпорындарына   қатысты әлеуметтік-еңбек саласының негізгі проблемалары, сонымен қатар зейнетақы жарнасы мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешектерді төмендету бойынша қабылданған шаралар қаралды. Отырыс барысында 2021 жылы «Парыз» бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі бойынша байқау конкурсын ұйымдстыру және өткізу бойынша Іс шаралар жоспары бекітілді.

«ШҚО Кәсіподақтар орталығы» АКБ