28 сәуір күні сағат 11.00-де А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапхананың ұйымдастыруымен журналист, қаламгер, «Ақиқат» ұлттық қоғамдық-саяси журналының бас редакторы Дәуіржан Жұмажанұлы Төлебаевпен онлайн (инстаграмм akikat1921) кездесу өтеді.
«Ақиқат» журналының тұңғыш саны 1921 жылы 15 қыркүйекте «Қызыл Қазақстан» деген атпен Орынбор қаласында басылып шыққан. Уақыт ағымына қарай атаулары әлденеше рет өзгеріп, ақыры «Ақиқат» деген атауға ие болған басылым еліміз тәуелсіздік алғаннан кейінгі кезеңде қоғамдық-саяси өмірге барынша нақты әрі жан-жақты қарайтын басылымға айналды. Кезінде «Қызыл Қазақстан» журналы қатаң цензураның бақылауында мүмкіндігі қаншама шектеулі, құрсаулы болғанына қарамастан ұлттық сипаттағы өзекті мәселелер көтерді. Сонымен қатар, басылым бетінде әдебиеттану мәселелері, қазақ қаламгерлерінің алғашқы әдеби шығармалары да жарияланып тұрды.
Биылғы жылы ақиқаттың ақ жолын ұран еткен журналдың жарыққа шыққанына 1 ғасыр толып отыр. Жалғасын тапқан «Ұлттану», «Тарих толқынында», «Келелі кеңес», «Еркін ой мінбері» т.б. айдарлармен берілетін қоғамдық-саяси, эко¬но¬м謬калық өміріміздегі ең өзек¬жар¬ды мәселелерді саралап, талдап, байыптап жеткізетін мақалалар оқырман көңілінен шығуда. Журналдың қазақ тілінің саяси лексиконын ұштауға, ғылыми терми¬нология¬ны қалыптастыруға қосып келе жатқан үлесі де зор.
Оқырман қауымды ақиқатқа жүгініп, шындыққа ұмтылатын республикамыздағы мазмұнды да мәнді басылым редакторымен салиқалы сұхбат құруға шақырамыз!
Байланысшы: Темешева Нұргүл
Байланыс тел.: 26-13-33 (123)